Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесіндегі инфрақұрылым және медициналық қызметтердің қолжетімділігі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесіндегі инфрақұрылым және медициналық қызметтердің қолжетімділігі

2025 жылы Шымкент қаласында амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жүйесінде 60 медициналық ұйым қызмет көрсетті.

Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 7 мекемеге артты. Мемлекеттік емханаларға 607 мың адам (49%), ал жекеменшік емханаларға 639 мың адам (51%) тіркелген. Қала тұрғындарына қадамдық қолжетімділікті арттыру мақсатында 2022-2024 жылдар аралығында 14 жаңа емхана ашылып, бір емханаға орташа тіркелген халық саны 25 мыңнан 20 мың адамға дейін қысқарды.

Стационарлық көмек көрсету бағытында 44 медициналық ұйым (оның ішінде 15 мемлекеттік және 29 жеке меншік) 4 894 төсек-орынмен қамтылған. Ауруханалардағы төсек-орын саны 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға артты. Қалада монопрофильді, қалалық көпбейінді ауруханалар мен оңалту орталықтары қатар жұмыс істеп, тұрғындарға кешенді медициналық қызмет ұсынуда. Сондай-ақ, жаңа көпбейінді аурухана (клиника «Хадиша») 257 төсек-орынмен ашылып, әртүрлі медициналық бағыттар бойынша қызмет көрсетуді бастады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында мәлімдеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...