Түркістан қаласының дизайн-коды бекітілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласының дизайн-коды бекітілді

Ресми құжат жарияланған бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты шешім қабылдады.

Түркістан қаласының дизайн-коды осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілді.

«Дизайн-код — бұл қалалық кеңістік элементтерінің міндетті визуалды құрамдас элементтерін реттейтін талаптар жинағы: ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттері, абаттандыру, маңдайшалар, нұсқағыштар, шағын сәулет нысандары және біртұтас эстетикалық сәулетті, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған қалалық инфрақұрылымның элементтері», — делінген құжатта.

Сондай-ақ, дизайн код сәулет-ландшафт ортасын қалыптастыру, көшелердің, магистралдардың, туристік маршруттардың, қаланың басқа аумақтарының сыртқы көрінісі тұжырымдамасын безендіру және абаттандыру элементтерін орналастыру талаптарын, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін безендіру талаптарын қамтитындығы айтылған.

Тарихи орталықтың шекараларында, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарында барлық қала құрылысы объектілері мен олардың сипаттамалары, мәдени және тарихи құндылығы сақталуы тиіс.

«Дизайн код Түркістан қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар мен барлық меншік нысанындағы ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді, жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны, аумақтық жоспарлаудың негізгі модельдерін және жоспарлау құрылымын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды қалыптастыруға бағытталған», — делінген мәслихат шешімінде.

inbusiness.kz

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...