Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай республикалық спартакиада өтуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай республикалық спартакиада өтуде

Шымкентте еліміздің әр өңірінен жиналған прокуратура органдарының қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық спартакиадада басқосты.

Іс-шарада Бас прокурор Берік Асыловтың арнайы құттықтауы оқылды.

«Бұл дода прокуратура жүйесінің әрбір қызметкері үшін өте маңызды. Жеңіс – халқымыздың қайтпас қайсарлығы мен бірлігінің, Отанға деген өлшеусіз сүйіспеншілігінің белгісі. Ұлы Отан соғысы жылдары ішінде фашизмді талқандауға прокуратура органдары да айтарлықтай үлес қосты. Соғыстың алғашқы жылында республика прокуратурасынан төрт жүзден астам қызметкер өз еркімен майданға аттанды. Олардың арасында Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Мұса Баймұқанов, Садық Әбдіжаппаров Кеңес Одағының Батыры атанды. Ардагер Иван Гапич – Халық қаһарманы. Бұл жарыс – сол батырлықтың заңды жалғасы», делінген құттықтауда.

Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов та құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның мән-маңызына ерекше тоқталды. Бүгінгі спартакиада – деңіске ұмтылған ерліктің, рухтың жалғасы екендігін айтқан ол, бұл шара – отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталғанын атап өтті.

Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен 25 команда қатысты. Қатысушылар саны 100-ден астам, басым бөлігі – 40 жасқа дейінгі жас қызметкерлер. Жарыс түрлеріне арқан тарту, гір көтеру, эстафеталық жүгіру және басқа да спорттық ойындар енгізілді.

Сондай-ақ жарысқа жергілікті кәсіби төрешілер төрелік етіп жатыр. Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл республикалық спартакиада – спорт жарысы емес, рухани сабақтастықтың, адалдық пен патриотизмнің жарқын көрінісі болмақ.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...