«Таза қала — жайлы өмір»: Қаратау ауданында экологиялық тазалық акциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Таза қала — жайлы өмір»: Қаратау ауданында экологиялық тазалық акциясы өтті

2025 жылғы 23 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға аудан әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындардан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника тартылды.

Акция барысында 5 ауланың шөбі орылып, 14 текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Қаратау ауданы әкімдігі алдағы уақытта да осындай экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...