Түркістанда Ұлттық кітап күніне орай «Weekend.Book.Vibes» мәдени шараcы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Ұлттық кітап күніне орай «Weekend.Book.Vibes» мәдени шараcы өтті

Түркістанда облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бірлесуімен «Ұлттық кітап күніне» орай шара өтті. Салтанатты жиында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Нұржанұлы арнайы сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан журналист Тельман Бейсен, тарихшы-ұстаз Баян Адырбек, мәдениет қайраткері, Түркістан қаласындағы «Әйелдер алқасының» төрайымы — Ұлжан Мұстафаева, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі — Сайлаухан Жоланов, журналист Төребек Байтас, ақын Дәурен Тілеухан ұлттық кітап күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Бұдан бөлек, іс-шараға «TalkLike» оқырмандар клубының мүшелері мен оқырмандары қатысты. Мәдени шара — кітап сүйер қауымның демалыс күндеріндегі оқуға деген махаббатын, жайлы атмосферасын және оқыған кітаптарынан алған әсерлерін бөлісуге бағытталған. Сондай-ақ, «Weekend.Book.Vibes» аясында «Оқырман дәмханасы» тақырыбында шара өтті. Сонымен қатар, іс-шара барысында әдеби викториналық сұрақтар, кітап көрмесі жасақталып, шолу таныстырылымдар өткізілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...