«Қала тазалығы — қоғам мәдениеті»: Тұран ауданында санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды

Елімізде экологиялық мәдениетті нығайту және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгінде Шымкент қаласында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Тұран ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35-ке жуық сенбілік ұйымдастырылып, оған 5 мемлекеттік мекеме мен 70-ке жуық кәсіпкерлік нысан , сондай-ақ 15- мыңнан астам тұрғын қатысқан. Бұл шараларда 60-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 3000-ға жуық жасыл желек, ағаш көшеті егілді. Аудан аумағында 400-ге жуық ішкі орам, магистраль көшелер тазартылды.

Табиғатты аялауға арналған бұл бастамаларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері белсенді түрде атсалысты. Қоғам болып атқарылған бұл іс-шаралар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, таза әрі жайлы өмір сүруге деген ұмтылысын айқын көрсетіп келеді.

Сенбілік – бұл жай ғана тазалық шарасы емес, қоғамдағы өзара түсіністік пен ортақ мақсатқа жұмылудың айғағы. Мұндай бастамалар қаланың экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да зор үлес қосып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...