Менің таза қалам: Әл-Фараби ауданында тазалық пен көркейту жұмыстары қарқын алды

Еліміздегі экологиялық мәдениетті нығайту және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгінде Шымкент қаласында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Биыл да жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 11 сенбілік ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бірлесіп, ауқымды тазалық шарасын жүзеге асырды. Сенбіліктер барысында аудан аумағындағы басты және ішкі көшелер бойынан инертті материалдар шығарылып, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, көктем мезгілінің келуіне орай шөп ору, ағаштарды санитарлық кесу, оларды әктеу, көгалдандыру, гүлдер мен көшеттер отырғызу жұмыстары қарқын алды.

Ауданның санитарлық ахуалын жақсартуға бағытталған бұл игі бастамаға жергілікті тұрғындар, коммуналдық қызмет өкілдері және аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері белсене қатысып жатыр. Жыл басынан бері сенбіліктерге 3000-нан астам адам атсалысып, 72 техника бірлігі жұмылдырылған. Нәтижесінде 50 тоннадан астам қоқыс шығарылып, көшелер мен аулалардың келбеті жаңаруда.

Сенбілік – бұл жай ғана тазалық шарасы емес, қоғамдағы өзара түсіністік пен ортақ мақсатқа жұмылудың айғағы. Мұндай бастамалар қаланың экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да зор үлес қосып отыр.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...