Шымкентте бес жасар бала 2-қабаттағы терезеден құлап кетті

8 тамыз күні кешкі 22.30 шамасында әл-Фараби ауданы Терешкова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған. Жағдайы — орташа ауыр.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, есепті кезеңде қалада 3 бала осылай көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.

Оның ішінде бір бала қайтыс болды, қалған екеуі жарақат алып, ауруханаға түскен.

Өткен жылмен салыстырғанда осы кезеңде терезеден құлауға байланысты жазатайым оқиғалар санының өскені байқалады.

Полицейлер ата-аналарға барынша мұқият болып, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

Балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін мына ережелерді сақтау керек:

  • Терезені ашық қалдырмау керек, өйткені бір секундқа болсын алаңдап қалу баланың өміріндегі соңғы сәт немесе мәңгі жазым болып қалуы мүмкін.
  • Терезе торын тиісті қорғаусыз қолдануға болмайды. Бала алдында белгілі бір кедергіні көреді және ол оған сенімді сүйенеді, ал оның салдарынан бүлдіршін бір жасар баланың да салмағын көтере алмайтын тормен бірге құлап түсуі мүмкін.
  • Баланы терезенің жанында ойнап отырған кезінде қараусыз қалдыруға болмайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...