Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов пен «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Аширов арнайы қатысып, аллеяға сәнді ағаш көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар Жеңіс жауынгерлеріне арналған ескерткіш кешенінің аумағында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, көпшілік батыр бабалардың рухына тағзым етті. Тазалық акциясы аясында қатысушылар ескерткіш қабырғаларды жуып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Ерлік пен елдік рухын ұлықтаған аллеяға 1000 түп түрлі-түсті гүл отырғызылып, саябақтың көркі артты.

Шараға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Олар бірлесе отырып туған жердің табиғатын таза ұстап, тарихи орындарды келер ұрпаққа мұра ету жолындағы игі істің үлгісін көрсетті.

Аталған акция – тек тазалық емес, ел тарихына тағзым, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жарқын көрінісі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...