Шымкентте қала күніне орай республикалық ақындар айтысы өтеді

Бұрыннан белгілі болғандай ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне Орталық Азия және басқа да халықтарға ортақ мұраның элементтері енгізілген. Олар құсбегілік, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі, Қорқыт ата мұрасы, айтыс өнері.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамтыу және архивтер басқармасына қарасты «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы» КММ (әрі қарай — дирекция) тарапынан өткізуі жоспарланған айтыс республикалық деңгейде өткізіледі.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдері басқосқан брифингте айтты.

«19 маусым – Қала күніне орай ұйымдастырылатын Республикалық ақындар айтысынының қаржылық шығынында республикамыздың өңірлерінен 20-ға жуық қатысатын ақындардың, қазылар алқасының (5 адамнан кем емес) жол шығыны, қонақ үйі, түскі-кешкі асы, дайындық күндері мен айтыс өтетін күнді қоса есептегенде 5 күн (3-4 күн) қомақты жүлде қоры қарастырылған. Сонымен қатар, айтыс өтетін орындағы техникалық жарықтандырыру, сахна, лэд орнату, мультимедиялық жабдықтар, баспахана шығындары қарастырылған»-деді, спикер.

Сондай-ақ, Сәрсен құранбек қазылар алқасының құрамына елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының мамандары мен ақын-жазушылар енгізіледі деп жоспарланғанын да атап өтті.

Республикалық ақындар айтысын өткізу жөніндегі ұсыныс ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің елімізде айтыс өткізу бойынша арнайы жоспарына енгізіліп, уәкілетті органнан келісім алынады. Айтыстың ережесі дайындалып, «Айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағымен» келісіледі. Келісілген ереже мен айтыс өтетіндігі жөніндегі хабарлама хаты жергілікті атқарушы органдар тарапынан өңірлерге жіберіледі.

«Жалпы, ақындар айтысы Республикалық деңгейде өткізілетінін ескерсек, бөлініп отырған қаржы өз деңгейінде қарастырылған деп санаймыз»-деді, қала әкімінің орынбасары.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/tfc0sSnPwzI

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...