Президент «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты.

Сондай-ақ Президентке Aksa Enerji Üretim A.Ş компаниясының инвестициялық құны 350 миллиард теңге болатын бу-газ электр стансасының құрылысы туралы мәлімет берілді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД нарығына автотрансформаторлар, маймен істейтін күштік трансформаторлар мен реакторлар шығаратын Asia Trafo зауытының өндірістік желісін аралап көрді.

Мемлекет басшысына Marai E7 Group өндіріс алаңының қызметі таныстырылды. Кәсіпорын травматология хирургиясында және остеосинтезге кеңінен қолданылатын дәке мен титан импланттарын шығаруға маманданған.

Сондай-ақ Президентке Шымкентте шығатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың түрлері көрсетілді.

Бүгінде шырайлы шаһар отандық фармацевтика саласының дамуында елеулі рөл атқарады. Мұнда 19 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішіндегі ең ірісі – «Химфарм» зауыты.

x

Check Also

Шымкент: «Отбасыммен кітап оқимын» атты кеш өтті

15 мамыр — Халықаралық отбсы күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Оқитын отбасы – ұлт болашағы» жобасы аясында «Отбасыммен ...

Шомылу маусымында қауіпсіздік басты назарда

2025 жылғы 15 мамыр күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті сақтау шаралары» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шара ...