«Түркістан мәртебесі, ел мерейі» форумы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Түркістан мәртебесі, ел мерейі» форумы басталды

Түркістан қаласының рухани-мәдени әлеуетін арттыру, тарихи маңызын дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында«Түркістан мәртебесі, ел мерейі!» атты форум өтуде.

Форум аясында Түркістан қаласының қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылып, ұлт-аспаптық ансамбль ұлттық шығармаларды орындалып, қонақтарға ерекше музыкалық көңіл-күй сыйлап, «Ұлы тарихтың жаңғыруы» атты сахналық көрініс көрсетілді.

Шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы модераторлық етіп, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Омарбеков Бауыржан Бахытұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балабиев Қайрат Рахымұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет басқармасының басшысы Онаева Рига Талғатқызы, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысуда.

Форум барысында Түркістан қаласының қазіргі даму бағыты, рухани-мәдени миссиясы, мемлекеттік қолдау шаралары мен алдағы жоспарлар жөнінде маңызды мәселелер талқыланбақ.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...