Түркістан облысында 22 мыңнан астам адамға папиллома вирусына қарсы екпе егілді

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, профилактикалық екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар тізіміне 11 жастағы қыз балаларды папиллома вирусына қарсы вакцинациялау енгізілді. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова мәлімдеді.

«2025 жылдың 7 сәуірдегі жағдай бойынша 22 555 (97,9%) адам екпенің бірінші дозасын алды. Екінші дозасын 1 513 адам алып үлгерді. Вакцинациядан кейінгі асқыну жағдайлары тіркелмеген. Барлық екпе жұмыстары азаматшалардың ата-анасының рұқсатымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ облыс аумағында АПВ-ға қарсы егуден түрлі себептер бойынша 299 қыздың ата-анасы бас тартқан»-деді спикер.

Сонымен қатар брифинг барысында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының АПВ-ға қарсы иммунизация бойынша жауапты маманы Замира Өтегенова екпенің пайдалы тұстарын атап өтті.

«АПВ-ға қарсы екпе — жатыр мойны обырының алдын алады. Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы жаппай екпе салу жұмыстары басталды. Қазіргі таңға дейін екпе егілген азаматшалар арасында ешбір қызға вакцина теріс әсер көрсеткен жоқ»-деді сала маманы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...