Түркістан облысында алғаш рет жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша семинар өтті

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылады. Олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған.

Осыған орай, Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша семинар өтті. Оған аудан, қала әкімдіктерінен тиісті сала өкілдері қатысып, бірқатар мәселе талқыланды. Жиында басқарманың бас маманы Ақерке Байдуллаева спикер болып, өңірдегі анықталған жасырын мемлекеттік қызметтер туралы баяндады. Түркістан облысында өткен жылдың қорытындысымен 1 жасырын қызмет анықталған.

– Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция. Өңірде 2024 жылы Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жасырын мемлекеттік қызмет «Пайдалануға берілген объектілердің есебін жүргізу» анықталды. Қазіргі таңда жасырын қызметтерді анықтау мақсатында тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ақерқе Байдуллаева.

Сондай-ақ іс-шара барысында «MSSP Global» ЖШС өкілі Жігер Сәдуақасов «кибергигиена» туралы түсіндірді. Аталмыш семинар енді тұрақты түрде жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...