Сауранда өткен тазалық шарасында 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Сауран ауданы Оранғай ауыл округінде “Таза Қазақстан” эко-жобасының “Жасыл толқын” кезеңі аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара Түркістан–Кентау бағытындағы автомобиль жолының бойында өтті.

Тазалық пен экологиялық тәртіпті сақтау мақсатында өткізілген шараға 500-ге жуық адам қатысты. Сонымен қатар, жұмыстарға 12 арнайы техника жұмылдырылып, 210 түп ағаш әктеліп, жасыл аймақтар абаттандырылды. 20 тоннаға жуық қоқыс жиналып, тиісті орындарға жеткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті нығайту және аудан аумағын таза әрі жайлы ортаға айналдыру. Сауран ауданы әкімдігі “Таза Қазақстан” шарасы аясында мұндай сенбілік шараларын алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...