47 жастағы Василий Жиров америкалық боксшымен реванш өткізбек — Xnews — ақпарат агенттігі

47 жастағы Василий Жиров америкалық боксшымен реванш өткізбек

1996 жылғы Олимпиада чемпионы, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Василий Жиров «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында америкалық Джеймс Тонимен реванш өткізгісі келетінін айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жиров 2009 жылдан бері рингке шыққан жоқ, қазір жасы — 47-де.

«Шоу түріндегі жекпе-жек өткіземіз шығар — екі шал рингке шығып, жұдырықтасады. Осындай жекпе-жек өткізу ойда бар. «Тони, жекпе-жек өткізейік» дедім. Ол болса… Бірде келіседі, бірде келіспейді. Әлі қорқып жүрген шығар», — деді Жиров.

Жиров пен Тони арасындағы жекпе-жек 2003 жылы 26 сәуірде өткен. Тони төрешілер шешімімен жеңіп, қазақстандық боксшыға тиесілі IBF титулын иеленген болатын. Жиров кейін Тони әділетсіз жеңгенін айтқан. The Ring журналы сол кездесуді 2003 жылдың үздік жекпе-жегі деп таныған еді.

Қазір Джеймс Тони 53 жаста, кәсіпқой бокстан әлі кетпеді. 23 қазанда ол 49 жастағы Джереми Уильямспен жұдырықтасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезеңинде ақпараттық кеңістікке мониторинга жүргізуді жалғастыруда

Дауыс беру күні жақындахан сайын әлеуметтик желалерде сайлауды әділ ұйымдастыруға күмән келтиретін жарияланымдар санының арта тюсетіні белгілі. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай ...

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...