Түркістан: Сарыағашта шегірткеге қарсы күрес бойынша дайындық жұмыстары аяқталды

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде сарыағаштықтар шегірткемен «күреске» дайын. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековке аудан әкімі Арман Абдуллаев осылай баяндады.

Аудан 15 аумаққа бөлініп, шекаралары белгіленген. 15 топқа 445 анықтаушы тартылады деп жоспарланып отыр. Оларды тасымалдауға 18 автокөлік бөлініп, жергілікті әкімдіктен 25 азамат жұмысты үйлестіруге жауапты болып бекітілген. Барлық аумақ анықтаушыларға арналған жатын орнымен қамтылған.

Сарыағаш ауданында залалсыздандыруға 75 бүрку техникасы, 1 «АН-2» ұшағы қатысады, 125 аспалы бүріккіш берілді.

Зиянкестерді химиялық өңдеу жұмыстары Ақжар, Әлімтау, Дарбаза, Дербісек, Жылға, Жібек жолы, Тегісшіл, Қызылжар ауылдық округтерінің аумағында жалпы 81,3 мың гектарда жүргізіледі деп көзделген.

Нұрбол Тұрашбеков залалсыздандыру жұмыстарына мүмкіндігінше жергілікті азаматтарды қатыстыруды ескертті.

– Әр ауылдың қауіпті аймағын сол елдің тұрғылықты азаматтарынан артық ешкім білмейді. Мейлінше залалсыздандыру жұмыстарына жергілікті тұрғындардың қатысуына мән беріңіздер. Ешқандай шағым назардан тыс қалмасын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Қазіргі таңда болжам орталығының мамандары дернәсілдер анықталған алаңдарды тұрақты бақылауында ұстап отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Заседание постоянной комиссии областного маслихата по вопросам бюджета, экономики и сельского хозяйства

В связи с повесткой дня очередной семнадцатой сессии областного маслихата восьмого созыва, 20 июня 2025 года состоялось заседание постоянной комиссии ...

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Н.Тұрашбеков, тұрақты комиссия мүшелері, ...