Түркістан облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 600-ге жуық азаматқа дәріс берілген — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 600-ге жуық азаматқа дәріс берілген

Түркістан облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында бірқатар ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгінгі таңда қарыздары 90 күннен асқан 589 облыс тұрғынына дәріс беріліп, қатысушылар арасында есепшоттары бұғатталған азаматтардың шоттары ашылды. Сондай-ақ, азаматтардың атынан банкроттық жариялауға құжаттары жолданып жатыр.
 
Облыс тұрғындарына қаржылық сауаттылық бойынша білім беру сабақтары Түркістан қаласы, Төлеби, Сауран және Сайрам аудандарында ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда «Қарызсыз қоғам 2.0» жобасы қолға алынып, азаматтарды офлайн оқытудан бөлек, онлайн білімін жетілдіруге мүмкіндік жасалып отыр. Ол үшін qogamfin.kz сайтына тіркеліп, қаржылай сарапшы мен заңгердің қызметіне жүгінуге болады.
 
Айта кетейік, 2024 жылы елімізде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында түрлі заң мәселелері бойынша 70 мыңнан астам жеке консультация өткізілген. Жоба 8 мыңнан астам қазақстандыққа 90 күн мерзімі өткен несие мәселелерін шешуге септігін тигізген. Алаяқтықтан зардап шеккен 1500 адамға заң көмегі көрсетіліп, 6 мыңнан астам шот бұғаттан шешілген.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...