Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық сағаты өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық сағаты өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен М.Әуезов атындағы ОҚУ және Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттеріне адалдық сағаты өткізілді.

Студенттерді, оқытушыларды, мемлекеттік қызметшілерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерді біріктірген іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері, академиялық адалдық және адал еңбектің маңыздылығы талқыланды.

Сөз сөйлеу барысында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысушыларды жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен және Агенттікпен іске қосылған жобалармен таныстырды.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікке және органға жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасына ерекше назар аударылды.

Жастармен кері байланыс орнату мақсатында осы тұрғыдағы іс-шараларды үнемі өткізу жоспарлануда.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...