Әскери қызметке шақырылатын азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндік қарастырылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Әскери қызметке шақырылатын азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндік қарастырылады

Әскерге шақырылған азаматтарға қызмет өткергеннен кейін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беріледі. Оның ішінде жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер, білім беру гранттары, сондай-ақ әскери қызметкерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі, несиелік демалыс және қосымша әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады.

Сонымен қатар, әскерге шақыруға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі де қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, дәлелсіз себептермен шақырудан жалтарған азаматтарға айыппұл салынады, ал медициналық куәландырудан жалтарғандар үшін ескерту немесе айыппұл қарастырылған. Қызметтен жалтарған жағдайда қылмыстық жауапкершілік туындап, айыппұлдар, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар немесе бас бостандығынан айыру сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.

Қазіргі таңда әскерге шақыру процесі автоматтандырылған. Бұрын қағаз түрінде ұсынылатын анықтамалар енді электрондық үкімет порталында рәсімделеді. Студенттер туралы мәліметтер Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне тікелей Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің базаларынан беріледі. Шетелде оқитын азаматтар да электрондық үкімет арқылы тіркеле алады.

Шымкент қаласындағы көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады. Барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шақыру қағаздары азаматтарға тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс орны арқылы жеткізіледі, сондай-ақ SMS-хабарламалар да жіберіледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...