Жерлестеріміз Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Жерлестеріміз Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында жерлесіміз Әлімхан Сыздықов аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ә.Сыздықов Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңіп, финалға шыққан еді. Шешуші сәтте Иран елінің өкіліне ұпай санымен есе жіберді. Осылайша шымкенттік балуан Азия чемпионатында кезекті рет күміс жүлдені еншіледі. Бұған дейін грек-рим күресінің балуаны алтын, күміс жүлделерді ел қоржынына салған еді.

Сондай-ақ, бүгін жарыстың екінші күнінде Шымкент қаласының спортшылары – Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі), Омар Сатоев (82 келі) және Ильяс Гучигов (97 келі) бозкілемге шығады. Балуандарымызға сәттілік тілейміз.

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...