Түркістан облысында «Таза like» экологиялық акциясы өтті

Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында жалпыұлттық “Таза like” экологиялық акциясы өтті. Бұл шара табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Акцияға облыс тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді азаматтар қатысып, қала мен ауылдардағы қоғамдық орындар, саябақтар, су айдындарының жағалаулары, көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылды.

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Смадияр Сабировтың айтуынша, мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қоса бермек. “Таза қала” акциясы аясында бүгін жалпы көлемі 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың ең маңызды көшелері ғана емес, қоғамдық орындар, аулалар мен ішкі орам жолдардың бойы, сондай-ақ шет аймақтардағы қоқыс шығару орындары тазартылды. Түркістан қаласының тазалығын сақтау — әкімдіктің басты назардағы мәселелерінің бірі”, деді бөлім басшысы.

Экологиялық бастама өңірдің табиғатын қорғауға ғана емес, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да бағытталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...