«Наурызнама»: Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

«Наурызнама»: Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтіп жатыр

«Наурызнама» онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт күні» болып белгіленген. Бүгін, мерекеге орай алғаш рет Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында облыстық спартакиада өтуде. «Түркістан арена» стадионында ұйымдастырылған дүбірлі сынның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Наурыз мерекесімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында ұлт денсаулығына ерекше көңіл бөліп, дене шынықтыру және спорт саласын қолдап келеді. Cалауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен жылы 73 спорт нысанның құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, жергілікті бюджет есебінен 33 ғимарат, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 7 спорт кешені, жеке инвесторлар есебінен 36 нысан пайдалануға берілді, – деді Ертай Кенжебекұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Суртеков та спортты серік еткен әріптестеріне сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Сайысқа аудан, қала әкімдігінен құралған 18 командадан 400-ден астам мемлекеттік қызметші қатысып жатыр. Олар асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, қазақ күресінен бақ сынауда.

Спартакиада салауатты өмір салтын мемлекеттік қызметшілер арасында насихаттау, достықты нығайтуға және облыстың құрамасын іріктеуге бағытталған.

Айта кетсек, облыс аумағында ұлттық спорттың 10 спорт түрі дамытылып, 134 229 адам шұғылданады. Өткен жылы облыста жыл басынан ұлттық спорт түрлерінен 500-ге жуық іс-шара өтіп, оған 200 мыңға жуық адам қатысты. Биыл ұлттық спорт түрлерінен 600-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 300 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Сондай-ақ биыл «Ақ бидай» республикалық VІІІ ауыл спорты ойындары қыркүйек айында Алматы облысында өтпек. Аталған ойындарға іріктеуді Түркістан қаласында мамыр айында ауқымды этно фестиваль түрінде өткізу жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...