Шымкентте 120 оқушы домбырашылар челленджіне қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 120 оқушы домбырашылар челленджіне қатысты

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартты. “Наурызнама” онкүндігі аясында барлық мектептерде республикалық челлендж өтті.

“КҮЙ КҮМБІРІ” республикалық домбырашылар челленджіне Шымкент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы қатысты. Білім ордасының “Мұрагер” ансамбліндегі 120 оқушы бір мезетте Құрманғазының “Балбырауын”, “Адай” күйлерін, Ә.Желдібаевтың “Ерке сылқым”, Н.Тілендиевтің “Әл қисса” күйлерін орындады.

Шараның мақсаты — білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау. Сонымен қатар, қазақ халқының музыкалық мәдениетіне білім алушылардың қызығушылығын ояту, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, қазақ халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыка орындаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.

Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтеді. Бұл күндері тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

“Шымкент келбеті”

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...