«Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетілімі өтті

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» атты ерекше мерекелік шара өтті.

Сән әлеміндегі ұлттық нақыш пен заманауи үлгіні тоғыстыратын «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетіліміне «Алтын Models» модельдік агенттігінің арулары, сондай-ақ «Бикеш Этно» және «Айлин ательер» сән үйлері қатысты. Сондай-ақ шараға «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Баян Адырбекова және журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Роза Нарымбетова, Түркістан қалалық «Жастар орталығының» басшысы Айдар Лескенов қатысып, Ұлттық киім күнінің маңызына тоқталды.

Өзбекәлі Жәнібектің немересіне арнап тіккен ұлттық киімі келушілердің назарын бірден өзіне қаратты. Кеш соңында кітапхана директоры сөз алып, мерекелік кешке қатысқан сән үйлеріне және модельдік агенттікке алғыс білдірді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...