“Сауран таланттары – 2025” өнер байқауы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

“Сауран таланттары – 2025” өнер байқауы өтті

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Сауран таланттары – 2025” өнер байқауы өтті. Бұл шара — аудан жастарының шығармашылығын қолдау, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және сахна мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Өнер додасының шымылдығын Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Ергешбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қатысушылардың өнерін әділ бағалау мақсатында қазылар алқасы да жоғары деңгейде жасақталды.

“Сауран таланттары – 2025” байқауы ән жанры және поэзия жанры бойынша өтті. Өнерпаз жастар өздерінің дарындарын көрсетіп, тартысты сайыс ұйымдастырды. Әрбір қатысушы жоғары дайындықпен келіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл өнер байқауы аудан жастарының шығармашылығын дамытуға зор үлес қосты. Жеңімпаздар өздерінің дарындары мен еңбектерінің арқасында лайықты марапатқа ие болды. Бұл байқау ауданның мәдени өміріндегі маңызды іс-шаралардың бірі ретінде есте қалды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...