Шымкент: Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 40 нысан пайдалануға беріледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 40 нысан пайдалануға беріледі

Биыл Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 35 балалар ойын, спорт алаңы, сондай-ақ 5 қоғамдық орын пайдалануға беріледі.

Жергілікті азаматтардың ұсыныстары бойынша Еламан, Оңтүстік, Цементшілер, Жұлдыз, Бадам-1, Базарқақпа, Ұлағат шағынаудандары мен елді мекендерінде балалар және спорт алаңшалары бой көтереді.

Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 56 жоба іске асырылды. Оның ішінде 43 балалар ойын алаңы, 8 балалар және спорт алаңы, сондай-ақ 5 гүлзар пайдалануға берілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...