Шымкентте 160 мыңға жуық тұрғын тегін дәрі-дәрмек алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 160 мыңға жуық тұрғын тегін дәрі-дәрмек алды

Өткен жылы Шымкент қаласында 160 мыңға жуық адам амбулаториялық жағдайда тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды. Бұл медициналық көмек Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің мәліметінше, диспансерлік есепте тұрған азаматтарға 100-ге жуық нозология бойынша босатылған. МӘМС жүйесі ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді.

Тегін дәрілік препараттарды алу үшін пациент алдымен учаскелік дәрігерге қаралуы қажет. Дәрігер науқастың жағдайын бақылап, қажет болған жағдайда емхананың дәріханасынан тегін дәрі алу үшін рецепт тағайындайды. Сонымен қатар, шұғыл, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде де барлық қажетті дәрі-дәрмектер тегін беріледі.

Былтыр медициналық сақтандыру аясында 8 миллионнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...