Шымкентте «Алғыс айту» күні мен ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мереке өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Алғыс айту» күні мен ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мереке өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — көпұлтты оқушылардың бірлігі мен татулығын сақтап, патриоттық тәрбие беру. Мерекелік шараға Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Арофат» мектебінің директоры Пак Роза Викторовна, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Жандосова Баян Айтбековна, Шымкент қаласындағы Қазақстанның Халықтар Ассамблеясының мүшесі, Шымкент қаласының Құрметті азаматы, А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының директоры Наталья Сергеевна қатысып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің қадір-қасиетін құрметтеу, еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері ерекше атап өтілді.

Жиын барысында кәріс, түрік, шешен, орыс, армян, неміс ұлттарының өкілдері Қазақстанға қоныс аударғандары жайлы қысқаша баяндап, қазақ халқына алғыс айтты. Іс шара соңында оқушылар мектеп ұстаздарына өз ыстық ықыластарын білдіріп, жиналған жұртқа өз өнерлерін көрсетті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...