Түркістанда шахматтан «Senat open» ашық турнирі басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда шахматтан «Senat open» ашық турнирі басталды

Түркістанда ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстанның шахмат федерациясының ұйымдастыруымен ірі шахмат турнирі – «Senat Open» ІІ Кубогы басталды.

Осы шараны өткізу жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастама көтерген болатын. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов оның идеясына қолдау білдіріп, бұл сайыс жұртшылықты қызықтыра білді.

Шахмат ойынын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысты ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Қадырбек, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков және онлайн бейнеролик арқылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.

Мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасып жатыр.

Жарыс үш кезеңнен тұрады. Алдымен іріктеу кезеңі өткізіледі. Екінші кезең жартылай финал болса, үшінші кезең, яғни, республикалық финалдық турнир өтеді.

Кубок мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылық арасында шахмат ойынын кеңінен таратуға, сондай-ақ аймақтар мен жергілікті өкілді органдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...