Шымкентте ардагерлер мен зиялы қауым ұлттық тәрбие мәселесін талқылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте ардагерлер мен зиялы қауым ұлттық тәрбие мәселесін талқылады

Бүгін Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы» атты қалалық форум өтті. Жиынға жиналған ардагерлер мен имамдар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықты дәріптеудің жолдарын бабалар жолынан бастап асыл дінімізден іздеу қажет екенін жеткізді.

Іс-шараға 700-ден аса адам қатысып, Ардагерлер кеңесінің пленум мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, зиялы қауым өкілдері, қалалық дін басқармасының имамдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен белсенді жастар орталығының мүшелері, білім басқармасына қарасты білім ұйымдары мен қоғамдық бірлестік басшылары күн тәртібіне шығарылған өзекті мәселе туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Соның ішінде қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев «Қоғам – ұлттық құндылықтар және ұрпақтар сабақтастығының ұйытқысы», ал «Әлем, Абай және Қазақстанның сара жолы» тақырыбында мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбден баяндама жасады.

Сондай-ақ «Дін және дәстүр» тақырыбында сөз алған қалалық дін басқармасының бас имамы Бақдаулет Абдраманов, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі Акрам Хашимжанов уағыз, насихат айтудың әдебі және ысырапшылдыққа жол бермеу туралы пікірлерін айтты.

Осы орайда жалпы адамзаттық құндылықтар мен салт-дәстүрді сақтау қағидаттарын оңтайлы насихаттау, дінтану мәселесіндегі кедергілер мен бұрмалаушылықтарға тосқауыл болу, ысырапшылдыққа жол бермеуге қатысты айтылған ұтқыр ойларды аға буын өкілдері атынан үндеу ретінде жариялау ұсынылды. Бұл елдің дамуына зиянын тигізетін жат қылықтарға қарсы қоғам болып күресу мақсатында қолға алынып отыр. Ал ашық дауыспен ұсынымдық сипатта қабылданатын үндеу тезистерін тиісті хаттамалармен рәсімдей отырып қала тұрғындарына тиісінше тарату қажеттігі де жан-жақты қарастырылып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...