Шымкентте көпқабатты үйлердің жедел сатылары жаңартылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте көпқабатты үйлердің жедел сатылары жаңартылуда

Биыл қала аумағындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің жедел саты қондырғыларын ауыстыру жоспарлануда. Жоспар бойынша Әл-Фараби ауданында — 1, Тұран ауданында — 1, Қаратау ауданында — 10 тұрғын үйдің лифттері жаңартылады.

Айта кетейік, 2024 жылы қаладағы 16 көпқабатты тұрғын үйде 28 қондырғы ауыстырылған болатын. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, жедел саты бойынша шешімдер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста меншік иелерінің жалпы санының үштен екісі келіскен жағдайда шығарылады.

Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жедел саты қондырғыларын ауыстыру жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады.

Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...