Әл-Фараби ауданы: «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тапты — Xnews — ақпарат агенттігі

Әл-Фараби ауданы: «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тапты

Бүгін Шымкент қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында жаппай тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен коммуналдық мекеме қызметкерлері бірігіп, шаһар көшелерін, арық-атыздарды тазалады. Әсіресе, Әл-Фараби ауданы бойынша Түркістан көшесінің бойындағы тазалық жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізілді. Қыстан кейінгі табиғаттың жаңаруы мен қала көшелерінің көркейтілуі тұрғындардың көңілін көтеріп, бір серпілтіп тастады.

Бұл игі бастамаға қала тұрғындары, жастар және ардагерлер де белсенді түрде қатысты. Олар тазалықтың тек қоршаған ортаны күтіп ұстау ғана емес, сонымен қатар, келер ұрпаққа экологиялық мәдениет қалыптастырудың маңызды құралы екенін атап өтті. Шараға 10 техника жұмылдырылып, жиналған қоқыстар арнайы қаптарға салынып, коммуналдық қызметкерлердің көмегімен арнайы орындарға шығарылды. Қоғамдық орындардағы орындықтар, гүлзарлар ретке келтірілді.

Акция барысында қала тұрғыны, Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамадин Рысбай ата өз ойымен бөлісті:
— Тазалық адамның көңілін ашады. Біздің кезімізде сенбілік өткізу дәстүрі бар еді. Бүгінгі акция сол дәстүрдің жалғасы іспетті. Жастарды осындай шараларға жиі қатысуға шақырамын. Қала – өзіміздің ортақ үйіміз, оны таза ұстау – әр азаматтың борышы, — деді ол.

Осындай игі шараларға тұрғындардың белсенділікпен қатысуы – елдің экологиялық мәдениетінің жоғарылап келе жатқанын көрсетеді. Табиғатқа жанашырлық – әрбір азаматтың парызы. “Таза Қазақстан” акциясы мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да жалғасын табатынын игі іс. Қала тұрғындары да тазалыққа қуана атсалысып, келешекте тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...