Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен.

Антенаталды кезеңнен бақылауда болып, толық тексерілуден кейін көлемді отаға дайындық жүргізілді. Тексеру кезінде сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі төмендегені анықталған.

Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зар жолдары пластикасы жасалды. Ота сәтті өтіп, сәби үйіне шығарылды.

Айта кетейік, бұған дейін оталарды жасау үшін науқас балалар Астана, Алматы қаласындағы республикалық орталықтарға жолдамамен жіберілетін. Бір жылдан бері Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері урологиялық оталарды сәтті жасап, балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Ауруханада бүгінге дейін урологиялық 60-қа жуық ота жасалды.

Тумасынан бүйрек ахауы бұзылған балалар босану үйінен бастап бақылауға алынып және ота күнін белгілеп, денсаулық көрсеткішіне қарай шұғыл ота жасалады. Отаның ерекшелігі — бүйректі қалпына келтіру болып табылады.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...