Түркістан: Қалалық сот төрағасы тағайындалды

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қалалық сотының төрағасы Лебаев Әділбек Ғұламұлын таныстырды.

Сондай-ақ, Президенттің 2025 жылғы 10 ақпанындағы №778 Жарлығына сәйкес, Түркістан қалалық соты – Түркістан қаласының ауданаралық соты болып өзгертілді.

Әділбек Ғұламұлы 1965 жылы 1-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген.

Сот жүйесінде еңбек өтілі 27 жыл.Еңбек жолын Қазығұрт ауданы сотының қызметкері ретінде бастаған.
2014 – 2018 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;
2018 – 2020 жыл аралығында Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;
2020 – 2025 жыл аралығында Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы қызметтерін атқарған.

Ресми жиынға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, қалалық маслихат төрағасы, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекеме басшылары және де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен Түркістан қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Мақсұт Атамбаев сөз сөйлеп, әділдік пен бейбітшілік, халық пен билік, жүйе туралы айтып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

© «Turkistan» телеарнасы

x

Check Also

Түркістан: Төлебиде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік шара өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын ...

Түркістан: Кентауда 100 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Биыл 9 мамыр – Ұлы жеңіске 80 жыл. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 100 жастағы Ұлы ...