Түркістанда заманауи, жабық үлгідегі базар бой көтерді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда заманауи, жабық үлгідегі базар бой көтерді

Әлемнің ең әйгілі базарлардың үлгісімен салынып жатқан Түркістан қаласындағы ең ірі жабық базар жақында ашылады. Жабық үлгідегі базарда киім-кешек орталығы, алтын павильоны секілді заманауи сауда – саттық ошақтары бөлек орналасады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылысшылармен кездесті. Сапалы жұмысты талап еткен облыс басшысы, құрылысты уақыт оздырмай аяқтауды тапсырды.

Жабық базардың жанында орналасқан дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары да жақын күндері пайдалануға беріледі. Мыңға жуық заманауи сауда сөрелері бар экобазарда ет-сүт, балық, көкөніс, жеміс-жидек түрлері көтерме бағамен сатылады.

Жергілікті және өзге өңірлердің диқандары мен тауар өндірушілері мұнда өз өңімдерін сата алады. Бүгінде Атырау, Қостанай өңірлерінің тауар өндірушілері Түркістан қаласында өз өнімдерін саудалауға ниетті. Жаңа нысанда азық-түлікті сатуға қажетті тоңазытқыштар, қойма мен тауар түсіретін орындар болады.

Облыс әкім сондай-ақ Түркістан қаласында салынып жатқан банк ғимараты мен жаңа қонақүйдің құрылыс барысымен танысты. Әкімшілік – іскерлік орталықта бой көтерген жаңа нысандардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...