Түркістан облысында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге асады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге асады

Бүгін Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымының мүшелері мен белсенді жастар бас қосып, жылдық жоспарды талқылады.

Жоспарға сай биыл түркістандық жастар Наурыз айынан бастап ағаш, гүл көшеттерін отырғызуға белсенді араласады. Сонымен қатар, аудандардағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандумға отыру жұмыстары талқыланды. Жиынға 17 аудан-қала жастар орталықтарының басшылығы «ZOOM» желісі арқылы қосылды. Бүгінде өңірде «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істейтін жастардың саны 1300-ден асады.

Жылдағы дәстүр бойынша жастарды ынталандыру, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру мақсатында «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек» байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталмақ. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау бойынша түрлі тиімді жобалар қолға алынбақ.

Бұдан бөлек, өңірде облыстық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясының ұйымдастыруымен «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге аспақ. Шара барысында 1000 жастың қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырылатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...