Кескіндеме және би өнері майталмандарының көрмесі өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Кескіндеме және би өнері майталмандарының көрмесі өтеді

Шымкент қаласында 7-20 ақпан аралығында А. Пушкин атындағы кітапханада «Кескіндеме және би өнері – Шымкент тарихынан» атты көрме өтеді.

Көрме аясында өмірлері Шымкент қаласымен тығыз байланысты болған суретші Григорий Пономаренко мен балет әртісі, педагог Ұлан Мирсеидовтың шығармашылығы таныстырылатын болады.

Көрмеде суретші Григорий Пономаренконың соғыстан кейін соңғы кеңестік кезеңге дейінгі негізгі жанрлардағы туындылары ұсынылады. Оның картиналарында 1950-1990 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанның қалыптасуы зор сүйіспеншілікпен, шеберлікпен және тарихи шынайылықпен бейнеленген.

Ұлан Мирсеидов (1952–2013), Шымкент қаласының тумасы, қазақстандық студенттер мен балет әртістеріне халықаралық байқауларға жол ашқан көрнекті педагог. Ұлан Мирсеидовты «чемпиондар ұстазы» деп атайды, өйткені оның шәкірттері халықаралық аренада алғаш рет жүлделі орындарға ие болды, ал қазақ балет мектебін әлемдік балет қауымдастығы мойындады. Ұлан Мирсеидов ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ерлер классикалық биінің стилін қалыптастырды.

Көрме Шымкент қаласы әкімдігінің, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Бейнелеу өнері мүзейі» МКҚК, А. Пушкин атындағы кітапхананың, «QazElles» Франциядағы қазақстандық әйелдер ассоциациясының, «MPL» компаниясының және жеке коллекционерлердің қолдауымен өткізіледі.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...