Департаменттің ықпалымен қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Департаменттің ықпалымен қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.

Осы орайда, Қазығұрт ауданының тұрғындарының арызы негізінде, аталған шағымдарды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Анықталғандай, қызмет алушылармен трактор жүргізу құқығына куәлік және тракторға арналған мемлекеттік нөмірлік белгі алу туралы өтінішьер жолданып, тиесілі бөліммен «Құжаттар толық емес» деген негізбен қызмет көрсетуден бас тартылған.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» қағидасымен реттеледі (ҚР АШМ 30.03.2015ж. № 4-3/270 бұйрық).

Бұл ретте, Қағиданың 1-қосымшасының 9-тармағында бас тартудың негіздері нақты көрсетілген. Дегенмен, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес емес негізсіз бас тартылған. Өз кезегінде, тексеру барысында Департаменттің ықпалымен бөлім тарапынан қызмет алушыларға трактор жүргізу құқығына куәлік және тракторға арналған мемлекеттік нөмірлік белгі ұсынылды. Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

Дархан Аширханұлы СУРТЕКОВ,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

 

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...