Түркістан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалына қарсы күрес күшейтілді

Облыс аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 2024 жылдың өзінде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 567 дерегі анықталып, 32 370 литр дизель отыны мен 6 008 литр бензин тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің өкілі Аманбай Сабыр БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Аталған жұмыстар Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Түркістан облысының әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ көлеңкелі нарыққа тосқауыл қою мақсатында жүйелі түрде тексеру жүргізуде. Оның құрамына кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, қаржы мониторингі агенттігі, көлік инспекциясы, табиғи монополияларды реттеу комитеті және жергілікті атқарушы органдар кіреді» — деп толықтырды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Түркістан облысында 380 жанармай құю бекеті және 9 мұнай базасы заңды негізде жұмыс істеп тұр. АИ-92, АИ-95 және дизель отыны еркін сатылуда және өңірде мұнай өнімдеріне тапшылық тіркелмегенін жеткізді Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Әбдіразақова.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...