Түркістан – халықаралық туристік орталыққа айналуда

Түркістан қаласы туризмді дамыту бағытында қарқынды дамып келеді. Соңғы екі жылда салаға 88,8 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 61,9 млрд теңгені құрады.

2024 жылы Түркістанға келуші туристер мен зияратшылардың саны 1,1 миллион адамға жетіп, оның 23,2 мыңы шетелдік қонақтар болды. Қалада 3 048 төсек-орны бар 68 орналастыру орны жұмыс істейді.

Туристік инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында Күлтөбе қалашығын абаттандыру, қолөнершілер қалашығы мен ескек есу каналының құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандардың іске қосылуы туристер ағынын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістанның қолөнер саласындағы әлеуеті де жоғары бағалануда. 2024 жылы халықаралық қолөнер қалалары ұйымының өкілдері қалаға арнайы келіп, жергілікті шеберлердің жұмысымен танысты. 2025 жылы Түркістанда «WCC International» ұйымының басшылары жиналып, қалаға «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін беру мәселесі талқыланады.

Алдағы жылдары құны 145 млрд теңгені құрайтын 13 ауқымды жоба жүзеге асырылып, 955 жаңа жұмыс орны ашылады. Олардың ішінде:
• 17 қабатты 5 жұлдызды қонақ үй (126 млрд теңге, 501 жұмыс орны);
• Қолөнершілер қалашығы (5,5 млрд теңге, 100 жұмыс орны);
• Аквапаркі бар қонақ үй (3 млрд теңге, 100 жұмыс орны);
• Қонақ үй (1 млрд теңге, 40 жұмыс орны).

Түркістанның туризм саласындағы өрлеуі өңірдің экономикалық өсіміне серпін беріп, қаланы халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналдыруға ықпал етпек.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...