Шымкентте сусындар қоймасы отқа оранды (видео)

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 1 қыркүйек сағат 02.07-де «101» пультіне Тәуке хан даңғылында орналасқан «Фиркан» ЖШС аумағында өрт орын алғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер көлемі 927 шаршы метрді құрайтын минералды сусындар сақтайтын қойманың жанып жатқандығын анықтады.

Судың үздіксіз берілуі нысанға жақын орналасқан екі өрт гидранттарынан қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Шымкент станциясының өрт пойызы, коммуналдық қызметтердің су тасығыштары жұмылдырылды.

Өртті 03.46-да оқшаулап, 05.42-де толық сөндірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен материалдық шығындар анықталуда.

Өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге сыйымдылығы 80 литрлі 3 оттегі балонын және сыйымдылығы 50 литрлі 1 газ балонын шығарды.

Өрт орнына Шымкент қаласы ТЖД-нің 72 қызметкері мен 16 техникасы, жеке құрамында 10 адамы бар Шымкент стансасының 1 өрт пойызы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелерден 6 қызметкер мен 6 техника тартылған.

© shymkenttv.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Абай мұрасы ұрпаққа аманат

Бүгін AMANAT партиясының «КІТАП-AMANAT» жобасы аясында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мен «Абай Хакім» мұражайының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына ...

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Бас ми тамырынан қан кетіп, геморрагиялық инсульт алған 67 жастағы науқас комаға түскен. Өмірі қыл үстінде тұрған пациенттің өмірін сақтап ...