Тоқаев Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты — Xnews — ақпарат агенттігі

Тоқаев Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», — деп жазылған жеделхатта.

Бүгін, 11 қаңтарда белгілі абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...