«Qazaq Air» әуекомпаниясы ел ішінде 7 бағытқа тиімді тарифтер ұсынады — Xnews — ақпарат агенттігі

«Qazaq Air» әуекомпаниясы ел ішінде 7 бағытқа тиімді тарифтер ұсынады

«QAZAQ AIR» АҚ биыл әлеуметтік маңызы бар бағыттарға субсидияланатын әуе рейстері бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осы бағдарлама аясында республика ішінде 7 бағытқа арнайы тарифтер ұсынады. Бұл — өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға сеп болсақ.

Мәселен, «Астана-Петропавл-Астана» және «Астана-Павлодар-Астана» бағыттарына – 15 000теңге; «Алматы-Көкшетау-Алматы» рейсі – 33 000 теңге, «Түркістан-Қостанай-Түркістан» бағытына – 31 000 теңге, «Түркістан-Қарағанды-Түркістан» бағыты – 20 000 теңге, «Жезқазған-Қарағанды-Жезқазған» – 10 000 теңге, «Жезқазған-Шымкент-Жезқазған» бағыты – 18 000 теңге.

Бұл бастама ішкі туризмді дамытуға және еліміздің экономикалық интеграциясына оң әсерін тигізбек. Сондай-ақ еліміздің аймақтары арасындағы әуе қатынасын дамыта түспек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...