Шымкентте алты жайлы мектеп ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте алты жайлы мектеп ашылды

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алты жайлы мектептің ашылуына қатысты. Білім ғимараттары мегаполистің бес ауданында орналасқан.

Айта кетейік, 1200 орындық мектептер Тұран-2, Жаңа Тұрлан, Ұлағат шағын аудандарында және 276-орамда іске қосылды. Бозарық шағын ауданындағы мектеп 2000 орынға, ал Ақжар шағын ауданындағы білім нысаны 600 орынға лайықталған.

Ғимараттарда ерекше қажеттіліктері бар балаларға барлық жағдай жасалған. Пандустар, жеделсатылар және арнайы алаңдар, балалардың шығармашылық тұрғыдан дамуы және демалу үшін коворкинг аймақтары қарастырылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары, турникеттер орнатылды.

Ғимараттарды аралап көрген қала әкімі жаңа мектептердің ашылуы орын тапшылығын шешіп қана қоймай, шәкірттердің сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына жол ашатынын атап өтті.

Биыл Шымкентте ашылған жайлы мектептердің жалпы саны 11-ге жетіп, 16 мыңға жуық оқушы орны шешімін тапты. Келесі жылы қалада осындай тағы 7 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...