2024 жылы Түркістан облысындағы шағын өнеркәсіптік паркте 8 зауыт пен кәсіпорын ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

2024 жылы Түркістан облысындағы шағын өнеркәсіптік паркте 8 зауыт пен кәсіпорын ашылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өңірдің индустриалды әлеуетін дамыту үшін «Turkistan» корпорациясымен облыстың 100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асып жатыр.

Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Бюджетке жылына 2 млрд. теңге салық түседі.

Бүгінгі таңда 10 ғимарат салынып, 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс оны құрылды. Мұнда су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын 3 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен бірге мектепке арналған жиһаздарды өндіретін, медициналық жабдықтар шығаратын, өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіретін, ішкі есіктер шығаратын кәсіпорындар ашылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...