«Асар-2» шағын ауданындағы 11 мыңнан астам адам биыл ауыз сумен қамтылады

Жеті жылдам астам уақытта ауыз суды тасып ішіп келген Асар-2 шағын ауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Қала әкімінің тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру аясында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

«Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» жүргізуде. Жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су желісін тарту жұмыстарының бүгінде 80 пайызы аяқталды. Құрылыс жұмысы биыл толығымен аяқталып, Асар-2 шағын ауданындағы 11060 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сонымен қоса, шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесіде тартылуда.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Еңбек пен шеберлікке арналған «Shymkent Usta Fest» фестивалі мен оркестрлер шеруі өтеді

Шымкент қаласында Қала күні мерекесіне орайластырылған онкүндік аясында алғаш рет ағаш өнеріне арналған халықаралық фестиваль өткізіледі. 14 маусымда Арбат алаңында ...

Гимн в тысячи сердец: Шымкент отпраздновал День государственных символов у самого высокого флага мегаполиса

У подножия самого высокого флага Шымкента разлился мощный хор, сотканный из множества голосов. В 11 утра здесь зазвучал Государственный гимн ...