Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылы 11 айда атқарылған іс-шаралары:

— №2 оңалту орталығы базасында нейро-ортопедиялық бұзылулары бар балаларға арналған кешенді «QH» оңалту орталығы ашылды;

— Шымкент қаласында 14-15 қарашада «ҚР-да балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру» бойынша ҚР ДСМ А.Ш. Альназарованың онлайн режимінде қатысуымен Республикалық көшпелі семинар-кеңес өткізілді;

— 2024 жылғы 18-22 қараша аралығында босандыру ұйымдарының базасында босандыру және балалық шақ қызметінің мамандары үшін Ресейлік жетекші мамандардың қатысуымен 3 халықаралық мастер-класс өткізілді (60 медицина қызметкері оқытылды);

— №6 қалалық емхананың науқастарға ыңғайлы болу үшін екі корпустың арасын қосатын галлерея жасақталып, пайдалануға берілді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...