«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 186 азамат төлем қабілеттігін растаған

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бақытты отбасы» бағыты бойынша 186 шымкенттік төлем қабілеттігін растаған. Оның ішінде 68 азаматқа (сертификат шартына сәйкес келген) бастапқы жарнасын төлеуге миллион теңгелік сертификат берілді. Биылғы жоспар бойынша жыл соңына дейін аталған бағытта 589 азамат несиелік баспанаға қол жеткізбек.

«Отбасы банк» жариялаған ақпараттарға сәйкес, 2021 жылдың 12 сәуір мен 25 мамыр аралығында Отбасы банктің www.hcsbk.kz сайтында өтінім беріп, негізгі тізімге өткен, алайда төлем қабілеттілігін растамаған қатысушылардың барлық өтінімдері 2021 жылдың 17 тамызында жойылып, резервтік тізім қарауға алынған болатын.

Аталған бағыт бойынша өтінімі мақұлданған азаматтар жаңа немесе екінші нарықтан өздеріне баспана іздеуде. Айта кету керек, тұрғын үй іздеу мерзімі несие мақұлданған сәттен бастап 6 айды құрайды.

«Бақытты отбасы» бағдарламасында жылдық мөлшері 2 пайыздан аспайтын, алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа немесе екінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азаматтардың ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда, туысы немесе жақыны кепіл бола алады. Сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағытына қатысушылар тұрғын үй сертификатына өтінім жолдай алады.

Биыл бұл бағытқа қатысуға үлгермей қалған тұрғын үй кезегінде тұрған -толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асыраушы отбасылар санатындағы азаматтар 2022 жылға бөлінетін лимитке сәйкес «Отбасы банк» арқылы келесі жылы өтінім бере алады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...