Шымкентте 2024 жылы 1301 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 2024 жылы 1301 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді

 

Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы ауқымды жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Жыл бойы қаладағы 1301 көшеге заманауи жарық шамдар орнатылып, түнгі уақыттағы көшелердің жарықтандырылуы айтарлықтай жақсарды.

Бұл жұмыстар қала қауіпсіздігін арттырумен қатар, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасады. Әсіресе, мектептер мен балабақшалар, қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланған аумақтардағы көшелер ерекше назарға алынды.

Қала әкімдігі алдағы уақытта да жарықтандырылмаған көшелерді қамтып, тұрғындарға барынша жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруды жалғастыратынын атап өтті.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...